Ұстаздардың жетістіктері! » КГУ «Средняя школа №16»
Шымкент қаласы білім басқармасының
"Средняя школа №16"
Отдела образования по городу Риддеру
Управления оброзавания ВКО
Приемная :
+7(72336) 5-70-58
Директор:
+7(72336) 5-62-78
Нашар для
слабовидящих
» » Ұстаздардың жетістіктері!
14
февраль
2023

Ұстаздардың жетістіктері!

13 ақпан 2023 жылы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы жылдық жоспарына сәйкес «Құқық негіздері» пәні бойынша функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған білім алушылардың өзіндік жұмысының әдістері мен түрлері» әдістемелік практикалық семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты – білім алушылардың құқықтық білімін жетілдіріп, құқықтық сауаттылық пен мәдениениетін арттыру мақсатында оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, проблемалық сұрақ қоюға, өздігінен талдау жасау дағдыларын дамытуға, өз ойларын, пікірлерін айту, дәлелдеу, гипотеза ұсыну, зерттеу қабілеттерін дамытатын тиімді әдіс-тәсілдерімен тәжірибе бөлісу, әдістемелік көмек беру.
Шараға облыстың білім беру ұйымдарының және мамандандырылған білім беру ұйымдарының тарих пәні мұғалімдері, қауымдастық жетекшілері, барлығы 70 адам қатысты.
Семинарда ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің “#16 орта мектебі” КММ директоры, құқық негіздері пәнінің мұғалімі Султанбекова Анар Турсынбековна «Оқушылардың функционалдық сауаттылығының элементі ретінде құқықтық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында іс-тәжірибемен бөлісіп, нәтижелерімен таныстырды. Семинарға қатысқаны үшін “Алғыс хатпен” марапатталды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив