27
Қазан
2021
"Түнгі қаладағы балалар" рейді. Рейд "Дети в ночном городе".
«Түнгі қаладағы балалар» рейді
25.10.2021 уақыт аралығында дәлелсіз себептер бойынша мектепке барМамыр жүрген балаларды анықтау мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» (қоғамдық орындар, компьютерлік клубтар) рейді ұйымдастырылды.Рейдтің мақсаты:
1. КТЖ есепте және «қатер тобындағы» оқушыларды бақылауға ала отырып, құқықбұзушылықтың алдын алу;
2. Жасөспірімдердің әлеуметтік, құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету;
3. Кешкі уақыттарда ата-анасының бақылауынсыз жүруін және түңгі ойын-сауық ойындары мен компьютерлік клубтарға бармауына қатаң бақылау жасау;
4. Оқушылардың сабақтан қайтқан уақытында құқықбұзушылыққа бармауын бақылау.Рейдке мектепішілік бұйрық шығарылып, кезекшілік кестесі құрылды.
Рейд жүргізу барысында көшелер мен түңгі ойын-сауық клубтарында ешқандай құқықбұзушылық оқиғалары анықталған жоқ.
Рейд барысында мектепке қарасты ықшам аудандағы барлық үйлердің жертөлелері, көлік жуатын орындар, техникалық жөндеу орталықтары, ойын-сауық орталықтары, көше бойындағы бос тұрған гараждар, оқушылар оқшауланатын барлық жерлер қамтылды. Аталған жерлерде ешқандай қараусыз және қадалағаусыз жүрген балалар, сабақ уақытында бос жүрген оқушылар, әкімшілік-қылмыстық құқықбұзушылықтар болған жоқ. Лицейде бірлесе азық-түлік сататын дүкендер, жеміс-жидек сататын орындарға барып сатушыларға сабақ уақытында оқушылардың жұмыс жасамау керектігі туралы айтылып, әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 163-4, 114 баптарымен таныстырылды