Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Хабар» арнасына берген сұхбаты » КГУ «Средняя школа №16»
Коммунальное государственное учреждение
"Средняя школа №16"
Отдела образования по городу Риддеру
Управления оброзавания ВКО
Приемная :
+7(72336) 5-70-58
Директор:
+7(72336) 5-62-78
Версия для
слабовидящих
» » Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Хабар» арнасына берген сұхбаты
22
февраль
2022

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Хабар» арнасына берген сұхбаты

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Хабар» арнасына берген сұхбатын көріп, көңілім орнықты.
Президентіміз қазақ тілінде байсалды түрде сұхбат бергені халқымыздың көңілінен шықты деп ойлаймын. Президент халыққа көршіміз Ресейдің біздің жерімізді басып алмайтынын, Ол туралы Мәңгілік татулық келісім бар екендігін, жер тек қазақ халқынікі екенін басып айтты. Ресейлік кейбір саясаткерлердің жер туралы айтқан сөздерін теріске шығарды. Халық туралы, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға көңіл бөлінентінін түсіндірді. Мемлекеттік салада қызмет еткен мамандарды ысырып тастамау керектігін ескерді, дипломы бар жастардың халық алдына шыға алмай, халықпен тіл табыса алмай қалатын жағдайлары туралы айтты. Елбасымыз Н.Назарбаевтың 30 жылдық еңбегін елемеуімізге болмайтынын айтты. Мемлекетімізді нығайтуға көп еңбек сіңіргені туралы айтқаны көпшіліктің көңілінен шықты деп ойлаймын. Президент өзінің көп басылымды оқитыны туралы айтқаны көңілге қонымды.
Қоғамдағы ең маңызды мәселе заң мен тәртіпке көңіл бөлді. Халықты мазалап отырған ең негізгі сұрақтарға қарапайым тілде жауап берді.
Мен бір күнде жағдай жөнделе қоймайтынын, бірақ оң өзгерістер болатынына кәміл сенемін. Президентімізді қолдайық! ШҚО Білім басқармасы Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің “#16 орта мектебі” КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тугамбаева А.Ж.
 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив