🤝БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ – 2022🤝 » КГУ «Средняя школа №16»
Коммунальное государственное учреждение
"Средняя школа №16"
Отдела образования по городу Риддеру
Управления оброзавания ВКО
Приемная :
+7(72336) 5-70-58
Директор:
+7(72336) 5-62-78
Версия для
слабовидящих
» » 🤝БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ – 2022🤝
04
апрель
2022

🤝БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ – 2022🤝

🤝БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ – 2022🤝
🔹️Білім беру деңгейі экономикалық және ғылыми-техникалық прогрестің ең негізгі көрсеткіші екені белгілі. Шәкәрім университеті қазіргі заманғы еңбек нарығының сұранысына, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму міндеттеріне сәйкес сапалы білім беруге ұмтылады.
🔸Осы ретте, ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру және жастарды жұмыспен қамту мақсатында қара шаңырақта дәстүрлі бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.
✅Мақсаты: Еңбек нарығының кадрлық қажеттіліктерін анықтау, түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу үшін жұмыс берушілермен байланыстарды күшейту, яғни екі мүдделі тарапты – жұмыс берушілер мен түлектерді бір алаңда біріктіру.
🔹️Жәрмеңке 2 бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімді университет басшысы Б.Ердембеков ашып, көпсалалы мамандарды даярлайтын оқу орнының бітіруші түлектерін жұмыспен қамту орайында өткізіліп отырған шараның мәні мен маңызына кеңінен тоқталды.
🔸️Сонымен қатар, спикерлер білім беру, экономика және қаржы саласында кадрлар даярлау мәселелерін талқылады. Қазіргі таңда орыс тілі, математика, физика, музыка, бастауыш сынып мұғалімі сияқты мамандарға сұраныс өте жоғары екендігін сөз етті.
🔹️Атап айтар болсақ жиынға Семей қаласынан ғана емес, Шығыс Қазақстан облысының 13 ауданы мен 4 қаласынан мемлекеттік мекемелер, жетекші кәсіпорындар мен ұйымдар қатысты.
🔸️Бірінші бөлім аясында Аягөз ауданының білім бөлімінің басшысы Н.Азимбаев педагог мамандар даярлаудағы өз пікірін ортаға салып, болашақта дуалды оқыту бойынша студенттерді ақылы қабылдау мүмкіндігін, сондай-ақ студенттердің барлық жағдайын жасауға даярлығын баса айтты.
🔹️Ұлан ауданының білім бөлімінің басшысы Қ.Оспанғалиев аудан бойынша 106 бос орын бар екенін тілге тиек етті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив