Ақпарат үшін! Для информации! » КГУ «Средняя школа №16»
Коммунальное государственное учреждение
"Средняя школа №16"
Отдела образования по городу Риддеру
Управления оброзавания ВКО
Приемная :
+7(72336) 5-70-58
Директор:
+7(72336) 5-62-78
Версия для
слабовидящих
» » Ақпарат үшін! Для информации!
04
апрель
2022

Ақпарат үшін! Для информации!

Құрметті достар!🙌
🎊🎉Біз @unescoclubskz ұйымдастырып жатқан «The Planet of ART» халықаралық фестивалінің музыкалық циклінің басталғанын хабарлауға қуаныштымыз.

🕊️🕊️2022 жылы Фестиваль ЮНЕСКО клубтары қозғалысының 75 жылдығына, сондай-ақ Қазақстанның БҰҰ мен ЮНЕСКО-ға кіруінің 30 жылдығына, Қазақстандағы Балалар жылын атап өтуге арналған.

Фестивальге Қазақстанның кез келген жерінен 1️⃣2️⃣ жастан 1️⃣8️⃣ жас аралығындағы (қоса алғанда) кез келген бала, жасөспірім қатыса алады.

👏☝️Қатысу тегін.

📝 Қатысуға тіркелу 2022 жылдың 5 сәуіріне дейін (қоса алғанда) ашық.

НОМИНАЦИЯЛАР:
🎤Вокалдық;
🎸Аспаптық;
💃Хореографиялық.

‼️Қатысу шарттары:
1. Фестивальдің ережесін МІНДЕТТІ ТҮРДЕ оқып шығыңыз.
2. Фестивальдің іріктек кезеңіне тіркеліңіз;
3. Іріктеу кезеңіне дайындалыңыз;
4. Іріктеу кезеңіне келіп, өнеріңізді көрсетіңіз.

🔺🔻Барлық 14 облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында облыстық іріктеу кезеңдері ОФФЛАЙН өтеді. Нақты орны, күні және уақыты туралы ақпарат тіркеу формасында көрсетілген поштаға жіберіледі және @unescoclubskz парақшасында жарияланады.

🇦🇲🇦🇿🇬🇪🇮🇷🇰🇿🇰🇬🇷🇺🇹🇯🇹🇲🇹🇷🇺🇿Фестиваль Армения, Әзірбайжан, Грузия, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан елдерінің дарынды балаларын қамтиды.

🏆🏆🏆15-23 шілде Ақтөбе қаласында барлық елдердің финалистерінің қатысуымен үлкен Гала-концерт және финалистерге арнап Қазақстанның үздік жаттықтырушыларының, шеберлерінің және шығармашылық және өнер майталмандарының қатысуымен 7 күндік мәдени-танымдық бағдарламасы ұйымдастырылады.

🤗🤗Ұйымдастырушылар: Қазақстан ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы. Жобаның бас серіктесі - Еуразиялық топ (ERG компаниясысы).
Баршаңызды белсенді түрде қатысуға шақырамыз.

Фестивальдің ережесін және тіркелу сілтемесін алу үшін: +7727394 3232, +77003943232 (whatsapp) немесе art.kazfuca@gmail.com.
@unescoclubskz инстаграм парақшасында да барлық ақпаратты табуға болады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив