Ақпарат үшін! Для информации! » КГУ «Средняя школа №16»
Коммунальное государственное учреждение
"Средняя школа №16"
Отдела образования по городу Риддеру
Управления оброзавания ВКО
Приемная :
+7(72336) 5-70-58
Директор:
+7(72336) 5-62-78
Версия для
слабовидящих
» » Ақпарат үшін! Для информации!
12
апрель
2022

Ақпарат үшін! Для информации!

ИНЖЕНЕРЛІК КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ МЕКТЕП ҚАБЫРҒАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Президенттің инженерлік білім беруді дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында «EKTU Educational Academy» желілік инженерлік мектебін таныстырды.

Желілік инженерлік мектеп аясында оқушылар инженерлік математика, физика бойынша күшейтілген даярлықтан өтеді, қолданбалы ғылыми жобаларды іске асырады, олимпиадаларға қатысады, демалыс кезеңінде оларға университеттің ғылыми-зерттеу және зертханалық базасы ұсынылады. Сонымен қатар, жоғары сынып оқушылары жазғы мектеп аясында Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы Простор жазғы экспедициялық кампусында дайындық және бейімделу кезеңінен өтеді, онда олар оқып қана қоймай, демала алады. Облыстың 27 мектебінен физика және математика мұғалімдері Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында біліктілігін арттыруға, әдістемелік көмек алуға мүмкіндік алады.

Тұсаукесерге университеттің серіктестері қосылды. Шетелдік мамандар қатарында Тихонов атындағы ЭЖМ ҒЗУ Мәскеу электроника және математика институтының қолданбалы математика бөлімі басшысы Белов Александр Владимирович, Мәскеу қ. МФТИ оқу ісі жөніндегі проректоры Артем Анатольевич Воронов, ИИКС НИЯУ МИФИ халықаралық ынтымақтастық бөлімі басшысының орынбасары Андрей Александрович Никифоров, Astana IT University құзыреттілік және кемелдік орталығының директоры Сапар Нұрахметұлы Тоқсанов болды.

Іс-шараға Тарбағатай, Зайсан, Катонқарағай аудандарының, Өскемен, Курчатов, Риддер, Алтай қалаларының 15 мектеп директорлары және аудандық білім беру бөлімдерінің өкілдері қатысты.

Қатысушылардың айтуынша, ШҚТУ жүзеге асыратын жобалар жоғары сынып оқушыларын әрдайым қызықтырады және оларға болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив