1 Қазан - Халықаралық қарттар күні (Қарттарым – асыл қазынам) Международный день пожилых людей » КГУ «Средняя школа №16»
Коммунальное государственное учреждение
"Средняя школа №16"
Отдела образования по городу Риддеру
Управления оброзавания ВКО
Приемная :
+7(72336) 5-70-58
Директор:
+7(72336) 5-62-78
Версия для
слабовидящих
» » 1 Қазан - Халықаралық қарттар күні (Қарттарым – асыл қазынам) Международный день пожилых людей
23
октябрь
2021

1 Қазан - Халықаралық қарттар күні (Қарттарым – асыл қазынам) Международный день пожилых людей

1 Қазан - Халықаралық қарттар күні (Қарттарым – асыл қазынам)

Көп жасаған қария
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.

1990 жылы желтоқсан айының 15 күні БҰҰ Бас Ассамблеясы бұл күнді «Халықаралық қарттар күні» деп жариялады. Асылында, бұл мереке ХХ ғасырдан бастап пайда болған. Бастапқыда Қарттар күні Еуропада, кейін Америкада тойланған, ал 80 жылдардың аяғынан бері бүкіл әлемде атап өтіліп келеді.
Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат — аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету. Бұл күні біздің елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіліп, ересектер тарапынан қарияларға көмек көрсетілетін алуан түрлі жобалар ұйымдастырылып, мемлекет арнайы жәрдемақылар тағайындайды.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының жіктеуіне сәйкес, қарт адамдарға 60-74 жас, кәрілерге 75-89 жас аралығындағылар, ал, ұзақ жасаушыларға жасы 90-нан асқандар кіреді.

Қария - ағып жатқан дария, телегей теңіз іспеттес. "Қарты бар елдің қазынасы бар" деген асыл сөзді халқымыз бекер айтпаса керек. Қай кезде де  халқының тілеуін тілеп, жұртына қамқор болатын қарттарымыз аман болсын!





14 декабря 1990 года Генеральная Ассамблея ООН в своей резолюции 45/106 постановила считать 1 октября Международным днем пожилых людей (International Day of Older Persons), с целью привлечения внимания общественности к проблемам людей пожилого возраста.
Сначала эту дату стали отмечать в Европе, затем в Америке, а в конце 1990-х годов уже во всем мире. 1 октября во многих странах проходят различные фестивали, организуемые ассоциациями в защиту прав пожилых людей, конференции и конгрессы, посвященные их правам и их роли в обществе. Общественные организации и фонды устраивают в этот день различные благотворительные акции. В этот день многие теле- и радиопрограммы транслируют передачи с учетом вкусов пожилых людей.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив