Маңызды ақпарат! Важная информация! » КГУ «Средняя школа №16»
Шымкент қаласы білім басқармасының
"Средняя школа №16"
Отдела образования по городу Риддеру
Управления оброзавания ВКО
Приемная :
+7(72336) 5-70-58
Директор:
+7(72336) 5-62-78
Нашар для
слабовидящих
» » Маңызды ақпарат! Важная информация!
19
Сәуір
2023

Маңызды ақпарат! Важная информация!

Құрметті ата-аналар!!!
Өздеріңіз білетіндей, осы жылдың наурыз айында Өскемен қаласында жасөспірім қызды өзімен қатарлас қыздар ұрып, соққыға жыққан. Бұл оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде белсенді түрде таралып жатыр. Қазіргі уақытта полиция органдары бұзақылық фактісімен қатар, бейнероликтің таралуы факті бойынша да қылмыстық істерді тергеу үстінде.
Осыған байланысты, Сіздердің назарларыңызды келесі жағдайларға аударғымыз келеді.
Біріншіден, жоғарыда аталған бейнероликтің таралуы (қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын жазба) жәбірленуші мен оның туыстарына моральдық және психологиялық азап әкелетінін ескере отырып, Сіздерден осы бейнежазбаны таратпау және оны балалардың телефондарынан алып тастау (жою) үшін шаралар қабылдауларыңызды сұраймыз.
Сондай-ақ, осындай бейнематериалдарды таратқан жағдайда, қолданыстағы заңнамада Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 313-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеміз (2 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді).
Екіншіден, бүгінде қаланың оқу орындарында буллингтің басқа да фактілері (қорлау, қысым, агрессия көрсету) орын алуы мүмкін.
Көбінесе, буллингке ұшыраған балалар мұндай фактілерді ересектерге жеткізуден қорқады. Нәтижесінде, бұл құқық бұзушылықтар құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдардың назарынан тыс қалады. Соның салдарынан «агрессорлармен» профилактикалық жұмыс жүргізілмейді.
Оқушылардың ата-аналары мұндай құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтауда өте маңызды рөл атқарады. Сондықтан, егер сіздің балаңыздың мектеп буллингінің құрбаны болғанын білсеңіз, бұл туралы дереу полицияға (Тохтаров көшесі, 8; тел. «102») немесе қала прокуратурасына (Тохтаров көшесі, 15; тел. 4-41-14; 8-708-626-36-61) хабарлауды сұраймыз.
Үшіншіден, құқыққа қайшы әрекеттер жасайтын балалардың ата-аналары да, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы бойынша, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін, әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін екенін ескертеміз.
Біз Сіздің түсінуіңізге үміттенеміз!





Уважаемые родители!!!

 Как Вам известно, в Наурызе т.г. в г.Усть-Каменогорске девочка-подросток подверглась избиению со стороны сверстниц. Видеозапись данного инцидента активно распространяется в социальных сетях и мессенжерах. Полицией в настоящее время расследуются уголовные дела как по факту хулиганства, так по факту распространения видеоролика.
В этой связи, хотели бы обратить Ваше внимание на следующие моменты.
Во-первых, учитывая, что распространение вышеуказанного видеоролика (пропагандирующего жестокость и насилие) причиняет моральные и психологические страдания потерпевшей и ее родственникам, убедительно просим Вас принять меры к нераспространению этой видеозаписи и ее удалению с телефонов детей.
Также, предупреждаем, что за распространение и рассылку подобных видеоматериалов действующим законодательством предусмотрена уголовная ответственность по статье 313 Уголовного Кодекса Республики Казахстан (предусматривает наказание в виде лишения свободы до 2-х лет).
Во-вторых, не исключено, что сегодня в учебных заведениях города могут иметь место и другие факты буллинга (травля, давление, агрессия).
Зачастую, дети, подвергающиеся буллингу, боятся сообщать о таких фактах взрослым. В результате, эти правонарушения остаются вне поля зрения правоохранительных и уполномоченных государственных органов. Как следствие, профилактическая работа с «агрессорами» не проводится.
Родители учеников играют очень важную роль в своевременном выявлении подобных правонарушений. Поэтому, если Вам стало известно, что Ваш ребенок стал жертвой школьного буллинга, просим незамедлительно сообщать об этом в полицию (ул.Тохтарова, 8 тел. «102») либо в прокуратуру города (ул.Тохтарова, 15; тел. 4-41-14; 8-708-626-36-61).
 В третьих, родители детей, совершающих противоправные деяния, также могут быть привлечены к административной ответственности за неисполнение обязанностей по воспитанию и (или) образованию несовершеннолетних детей по статье 127 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях.
Надеемся на Ваше понимание!

 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив